Өткен тәулікте 9 қазақстандық COVID-19 вирусын жұқтырды
Сурет: Zakon.kz
Өткен тәулікте COVID-19 вирусын алдыңғы күнмен салыстырғанда бес адам кем жұқтырды. Екі жағдай – Нұр-Сұлтанда, жетеуі – Алматыда анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қысқаша мазмұнын жариялады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының тоғыз жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 2,
Алматыда – 7.
Елде барлығы 1 305 440 жағдай расталды.
19 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 3,
Алматыда – 9,
Алматы облысында – 1,
Атырау облысында – 1,
Жамбыл облысында – 3,
Қарағанды облысында – 2.
Елімізде барлығы 1 290 964 адам COVID-19-дан жазылып шықты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript