Күніне сегіз қазақстандық COVID-19 жұқтырды
Сурет: Zakon.kz
Өткен тәулікте алдыңғы күнмен салыстырғанда COVID-19 ауруының екі жағдайы азырақ анықталды. Ауру жұқтырғандар тек Нұр-Сұлтан мен Алматыда тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қысқаша мазмұнын жариялады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының сегіз жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 1,
Алматыда – 7.
Елде барлығы 1 305 465 жағдай расталды.
Тоғыз адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, оның ішінде:
Алматыда – 8,
ШҚО-да - 1.
Елімізде барлығы 1 290 997 адам COVID-19-дан жазылып шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript