Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында скутер мінген жасөспірім жылқыны қағып кетті

жылқыны қақты, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2022 15:01 Сурет: Zakon.kz
Жол көлік-оқиғасы 20 сәуірде Астрахан ауданы Лазовое ауылының маңындағы ауыларалық жолда орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бастапқы ақпаратты жинау барысында полиция қызметкерлері Raller скутерді жүргізген жергілікті орта мектептің 7-сынып оқушысы жылқыны қағып кеткенін анықтады.

Сондай-ақ, соқтығысу кезінде бақташы жылқылардың табынын жол арқылы айдап әкетіп бара жатқаны белгілі болды.

Ал кәмелетке толмаған жүргізушінің айтуынша, оған жылқымен соқтығысып қалмау үшін қарсы келе жатқан автокөлік кедергі жасады.

ЖКО салдарынан түрлі жарақаттармен емдеу мекемесіне скутердің 14 жастағы жолаушысы жеткізілді, оның жүру кезінде қорғаныс шлемі болмаған.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Астрахан ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: