Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі Конституцияда айқындалады
Сурет: akorda.kz
ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасулов Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституциядағы мәртебесін айқындау ниетін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Конституциядағы Тұңғыш Президенттің мәртебесі туралы мәселелерге келсек, бұл Конституциямен және конституциялық заңдармен реттелетінін жазғанбыз.Ермек Әбдірасулов
Заңгердің айтуынша, жұмыс тобы бұл мәртебені осы норманы нақтылайтын заңдарға сілтеме жасамай, Конституцияның өзінде белгілеу керек деген қорытындыға келген.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы. Яғни, бұл мәртебе анықталады. Меніңше, мұның үлкен маңызы бар. Оның сіңірген еңбегі мен бар объективті фактілерді бәріңіз де көрдіңіздер, бүкіл әлем көріп отыр, бұл да Конституцияда бекітіледі.Ермек Әбдірасулов
Қазір Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мәртебесі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» (2022 жылы 7 ақпанда толықтырылды) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 шілдедегі № 83-II Конституциялық заңында (өзгертумен) бекітілген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript