Батыс Қазақстан облысында суға талас болып жатыр

суға талас Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында суға талас жүріп жатыр. Казталов пен Жаңақала аудандарының тұрғындары Қараөзен арнасына келетін суды бөлісе алмай келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

qazaqstan.tv берген ақпаратқа сай, ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қос ауданның мәселесін біржола шешу үшін, жаңа су қоймасы керек.

Казталов ауданы Жалпақтал ауылы бізге тиесілісін берсін. Артық суды өздеріне есептеп жинап алып қалсын. Су қоймасын салу керек Жалпақталда. Су есептегіш қондыру керек, дейді тұрғын Руслан Оразғалиев.

Географиялық орналасуы жағынан Жалпақтал биікте тұр. Яғни Жалпақтал жеріне азды-көпті суды беріп, содан кейін Жаңақалаға асып кету керек деп ойлаймын. Ғилым Елекешев, тұрғын

Казталовта он шақты ауылдағы 11 мыңдай халық ауыз суды осы Қараөзеннен ішіп отыр. Ал бөгеттер топырақтан үйіліп, қолдан жасалған. Гидроқұрылғы, қақпалар атымен жоқ. Жанжал облысқа жетіп, шу көтерілген соң, бөгет ашылды.

Өзенге Ресей Федерациясындағы Приузенск су қоймасы арқылы 24-25 текше метрдей су жүріп жатыр. Оның басы 49 м3/секундқа дейін көтерілген болатын. Қазір Жиеш арқылы Сарышығанақ су қоймасына су жіберу жұмысы жүргізілуде. Еркебұлан Ермұханов, "Қазсушар" РМК БҚОФ Казталов аудандық учаске басшысы.
Тасқын су мынау келіп жатқан. Негізі былтыр комиссия құрғанда 50/50 етіп, Жалпақтал мен Жаңақала бөлісіп алуы керек деп шешті. Онымен келген су Жалпақталда бір аптадай ұсталып қалды. Тек үш күндей болды ашылғанына. Жаңа-жаңа басы түсіп жатыр. Күтіп отырмыз суды. Ербол Төлеуғалиев "Қазсушар" РМК БҚОФ Жаңақала аудандық учаске басшысы

Тегін келген ырысты ысырапсыз жинап алу үшін жаңа су қоймасы салынып, бөгеттерде гидроқондырғы, су есептегіш орнатылуы қажет. Бірақ биыл жоспарланған Жалпақтал су қоймасының жобалық-сметалық құжаттамасы әлі жасалмапты. Бұл іс ілгерілемей, жыл сайынғы жанжалдың қайталана берері анық.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз