Жаңалықтар тізбегі
0

Мәлік Отарбаев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Мәлік Отарбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 16:25 Сурет: ontustik.gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Президенттің жаңа кеңесшісі тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Мәлік Отарбаев 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Ақжар ауылында туған.

Мәлік Отарбаевтың еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастаған.

  • 2003 – 2016 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде аспирант, «Диалог» Еуразия-Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.

  • 2016 жылғы сәуір айынан Қазақстан Республикасы Түркия Республикасындағы елшілігінің Үшінші хатшысы лауазымын атқарып келді.

  • Халықаралық мәдени-интеллектуалды «da Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, директор орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі міндетін атқарды.

  • 2014-2016 ж.ж. – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ-дағы өкілі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: