Жаңалықтар тізбегі
0

Келер жылы жиһаз өндірісі бойынша төрт ірі жоба іске қосылады

ҚР ИИДМ, жиһаз өндірісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2022 18:14 Сурет: pixabay
2023 жылы елімізде жиһаз өндірісі бойынша 4 ірі жоба іске қосылады. Бүгінде кәсіпорындар құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп, өндіріс ошағына қажетті жабдықтарды сатып алып жатыр. Бұл туралы ҚР ИИДМ мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, 2022 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жиһаз өнімдерінің өндіріс көлемі 16,4 млрд теңге болған. Атап айтқанда, қаңқасы металдан жасалған отыруға арналған жиһаз өндірісі 6%-ға, кеңсеге арналған ағаштан жасалған жиһаз 30,4%-ға, ас үй жиһазы 33,5%-ға, сондай-ақ жатын бөлмеге арналған ағаштан жасалған жиһаздар өндірісі 2,2%-ға артқан.

«Бүгінде Қазақстанда жиһаз өндірісі қарқынды дамып келеді. Салада жаңа кәсіпорындар ашылып, өндіріс ошақтарының отандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі артуда. Жалпы, елімізде тұрғын үй құрылысы жылдан жылға белсенді жүргізілуіне байланысты жиһаз өнімдеріне деген сұраныс та жоғары болып отыр», – дейді сала мамандары.

ҚР ИИДМ биыл Солтүстік Қазақстан облысында жиһаз өнеркәсібі үшін шикізат компоненттерін шығару бойынша екі жоба іске асқанын хабарлады. Атап айтқанда,  «Сапа Инвест Плюс» ЖШС ағаш-жоңқа плиталарын, оның ішінде 30 мың м.3 көлемінде ламинатталған тақталар өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Ал  «Солтүстік фанер комбинаты» ЖШС қайың ағашынан 50 мың м.3 ағаш-жоңқа плиталарын шығаруға ниетті.

Айта кетерлігі, отандық жиһаз өнеркәсібінің өнімдері көрші елдерде де үлкен сұранысқа ие. Жыл басынан бері жиһаз өнімдері экспортының негізгі көлемі Қырғызстан, Өзбекстан, Германияға жөнелтілген. Сұранысқа ие тауарлардың қатарында пластмасса мен металдан жасалған және жатын бөлмеге арналған ағаштан дайындалған жиһаз сынды тауарлар бар. ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: