Алматыда жылу желілерін реконструкциялау бойынша 15 жоба іске асады

Бостандық ауданын жылумен жабдықтау бойынша 15 жоба ағымдағы жылы іске асырылатын болады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2025 13:20 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бостандық ауданын жылумен жабдықтау бойынша 15 жоба ағымдағы жылы іске асырылатын болады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы 7 көшеде 5,4 км жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.


"Ағымдағы жылдың мамыр айында жылыту маусымы аяқталғаннан кейін біз Бостандық ауданында 7,1 км жылу желілері мен 2 сорғы станциясын қайта жаңарту бойынша 15 жобаны іске асыруды бастаймыз. Жобаның аяқталу мерзімі-2025 жылдың қазан айы", – деді Ерболат Досаев.

Жалпы, Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту белсенді жүргізілуде. Мәселен, 2024 жылы қалада 20 км жылумен жабдықтау желілері қайта жаңартылды. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш екі есеге артады деп күтілуде.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: