2025 жылы Алматының Алмалы ауданында 15 көше жөндеуден өтеді

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, асфальт, ремонт дорог, асфальтобетонные работы, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2025 10:26 Фото: Zakon.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесу барысында жол инфрақұрылымын жаңарту және жолаушылар тасымалы сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Қала басшысының мәлімдеуінше, өткен жылы ауданда 13,6 км болатын 15 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Биыл да осындай көлемде, яғни ұзындығы 11 км болатын 15 көше жөнделмек.

Бұған қоса, 2024 жылы аудан әкімдігі ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 47 мың шаршы метр жол жабынын қалпына келтіріп, 8,9 км арық жүйесін салды. 2025 жылы тағы 25 мың шаршы метр жолды жөндеу және 12,5 км арық жүйесін салу жоспарланған.

"Тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында әкімдік қоғамдық көлік паркін үнемі жаңартып отырады. 2024 жылы Алмалы ауданында автобустар саны 401-ден 523-ке дейін көбейді. Бұл төрт жаңа маршрут ашуға және 43 маршрутқа қосымша автобустар шығаруға мүмкіндік берді", – деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру және дамыту мақсатында биыл қала бойынша тағы 800 жаңа автобус сатып алынып, қала аудандарына бөлінеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: