Жаңалықтар тізбегі
0

Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық Сурдлимпиада комитетін сотқа бергелі жатыр

Түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2022 21:42 Сурет: gov.kz
Қазақстандық спортшы есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған сурдлимпиядада алтын медаль ұтып алды. Алайда, Бразилиядағы сараптама жігіттің есту қабілетінде кінарат жоқ екенін анықтады. Осы жағдайға қатысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Бразилияда өтіп жатқан жазғы Сурдлимпиадаға Ұлттық құрама командасынан сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 59 спортшы  қатысып жатқаны белгілі. Алайда ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитеті ҚР Занамасына қарамастан, өз тараптарынан жариялап бірқатар спортшыларды, оның ішінде Қанафин Еркебұланды жарысқа апарған.

Қанафин Еркебұлан бұрын-соңды есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі емес және дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарында тіркелмеген. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде аудиограмма нәтижелері және жалпы спортшының денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ. Бұған қарамастан Ұлттық Сурдлимпиадалық комитет Қанафинді өз есебінен жарысқа жіберіп, Қазақстанның беделіне әлемдік спорт қоғамдастығының алдында нұқсан келтірді және спорттық этикалық қағидаларды бұзды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл ретте Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық құрама команданың тізімін қалыптастыру кезінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасы Чемпионатының қорытындысы бойынша ел чемпионы Айдос Түгелбаевты енгізген болатын.

Министрлік Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің үстінен арнайы сот органдарына шағым түсіретінін ресми түрде мәлімдейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: