Жаңалықтар тізбегі
0

Іскерлік белсенділік индексі 49,5-ке дейін көтерілді – Ұлттық банк

ҚР Ұлттық банкі, іскерлік белсенділік, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 16:17 Сурет: pexels
Іскерлік белсенділіктің өсуі тек өндіріс саласында байқалды: индекс 50,5-ке дейін көтерілді (наурызда – 50,0), қалған секторларда 50-ден төмен мәнге ие болды. Бұл туралы ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банк өкілі таратқан мәлімет бойынша, қызмет көрсету секторы мен тау-кен өнеркәсібінде іскерлік белсенділік қалпына келе бастады (сәйкесінше, 49,6 және 49,9), ал құрылыс саласында индекстің төмендеуі 4 ай бойына жалғасып келеді (44,5).

Барлық салада да жеткізу мерзімі ұзарды, ал құрылыс кәсіпорындары жаңа тапсырыстар көлемі мен жұмыспен қамту деңгейінің айтарлықтай төмендегенін алға тартты. ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин

Оның айтуынша, өндірісте және тау-кен өнеркәсібінде тауарлы-материалдық қор көлемі ұлғайды.

2022 жылдың сәуірінде алғаш рет тау-кен өнеркәсібі жеке бөлініп қаралды, осыған байланысты деректер қатары қайта есептелді.ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин

Аймақтар бөлінісі бойынша қарастырғанда, ІБИ-дің ең төмен мәні Алматы мен Ақмола облыстарында (сәйкесінше, 42,9 және 43,1), ал ең жоғары мәні – Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында (сәйкесінше, 56,4 және 55,6) тіркелді.

Ол сондай-ақ кәсіпорындардың алдағы 6 айға болашақ бизнес-жағдайларға қатысты сенімділігі айтарлықтай жақсарғанын атап өтті: болашақ жағдайларды бағалау 7,3-ті құрады (наурызда – (-)12,1). Нәтижесінде, ағымдағы және болашақ бизнес-жағдайлардың орташа бағалауын білдіретін бизнес-климат индексі 1,8-ге (наурызда – (-)10,3) теңесіп, айтарлықтай жақсарған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: