Омбының қазағы бір минутта бразилиялық балуанның жауырынын жер иіскетті

Ресейлік қазақ балуан Ілияс Хамзин бразилиялық Виктор Фигейредоның жауырынын уақытынан бұрын жер иіскетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тартысты жекпе-жек Екатеринбургте RCC 11 турнирі аясында өтті.
Ілияс бірінші раундта, жекпе-жектің 58-ші секундында қарсыласын оң жағынан теуіп, нокаутқа түсірді. Одан кейін сұлап түскен балуанның үстіне мініп, төпештей жөнелді, сөйтіп өз ісін соңына жеткізді.
Осылайша ол оныншы жекпе-жегінде тағы жеңіске жетті (екеуі - жеңіліс), ал бразилиялық спортшы үшін бұл бесінші жеңілісі болды, оның есебінде 12 жеңіс бар.
Ілияс Хамзин Омбыда тұрады және "Архангел Миха ил" клубы атынан додаға түсіп жүр.
Бөлісу
0
Толық оқу