Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордадағы атыс: қару-жарақ, оқ-дәрі, есірткі және жеті көлік тәркіленді

ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 12:38 Сурет: polisia.kz
Қызылордада атыс болып, үшеуі қаза тауып, екеуі жараланды. Полицейлер бұл фактіге қатысты алты күдіктінің ұсталғанын, төртеуі іздеуде жүргенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ ақпараттық медиа-порталының хабарлауынша, оқиға орнын және күдіктілердің тұрғылықты жерін тексеру барысында айғақты зат ретінде бес қару, бірнеше оқ-дәрі, есірткі және жеті автокөлік тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелдінің сөзінше, барлық қатысушылардың жеке басы анықталып, зардап шеккен тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Аталған қылмыстық құқық бұзушылық фактілері бойынша сегіз қылмыстық іс тіркелді: екі адам өлтіру, екеуі бұзақылық, үш қару-жарақ және бір есірткінің заңсыз айналымы. Қазіргі уақытта қылмыстық істің мән-жайы жан-жақты, толық және объективті түрде тергелуде. Байжан Байгелді

Еске салайық, 7 мамыр күні кешке Қызылордада азық-түлік дүкенінің жанында атыс болып, салдарынан 1996 және 1993 жылы туған үш ер адам қаза тауып, 1975 және 1999 жылы туған екі азамат жарақат алған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: