Қостанайда прокурор өз-өзіне қол жұмсады

Қазақстан, Қостанай, прокуратура, суицид Сурет: Zakon.kz
Қостанайда қалалық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры асылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі оқиға 5 мамыр күні болғанын мәлімдеді.

5 мамырда сағат 11.30 шамасында Қостанай ауданының аумағындағы орман алқабында Қостанай қаласы прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокурорының ағашқа асылған күйдегі мәйіті табылды. Өзіне-өзі қол жұмсау фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді және мүдделілікті болдырмау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Қостанай ауданының полиция бөліміне тапсырылды. Қостанай облысының прокуратурасының баспасөз қызметі

Ведомство өкілі оқиғаның себебі анықталып жатқанын айтты.

Прокуратураның мәлімдеуінше, марқұмның прокуратура органдарында қызмет еткеніне 4 жыл болған. Оның артында жұбайы мен қызы қалды.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз