Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін – Халықаралық мейірбикелер күні

медбике, медицина, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2022 13:36 Сурет: unsplash
12 мамыр – мейірбикелердің кәсіби мерекесі. Халықаралық медбикелер күні 1974 жылы қаңтарда Халықаралық медбикелер кеңесінің бастамасымен бекітілген. Бұл ұйымға әлемнің 140-тан астам елінің орта медициналық персоналының өкілдері кіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл сайын Қазақстанда оқу орындарында 23 000 орта медициналық қызметкер, оның ішінде 6000-ға жуық медбике, 3000 практик шығарылады. Қазір колледждердегі студенттер контингенті 93 мыңнан астам болашақ медицина қызметкерлерін құрайды. Олар мейірбике ісі, акушерлік-емдеу ісі, фармация, зертханалық диагностика, стоматология, ортопедиялық медициналық оптика сияқты 9 мамандық бойынша оқытудан өтеді.

Орта буындағы жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің үлесі көп. Олар бүгінде ел бойынша 188 мың адамды құрайды. Оның ішінде ауылда 54 мың мейірбике жұмыс істейді.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі барлық медбикелерді халықаралық кәсіби мерекемен құттықтады.

Сіздердің күн сайынғы еңбегіңіз бен шыдамыңыздың, ұзақ тәжірибелеріңіздің арқасында науқастар аяққа тұрып, толықтай жазылып кетуге сенімі пайда болады. Шалғай ауылдардағы ауылдық мейірбикелер жаңа туған нәрестелердің патронажынан бастап, аға буынның қамқорлығына дейінгі барлық медициналық көмекті атқарады. Әрқайсыңызға отбасыларыңызға амандық, кәсіби өсу, сарқылмас қуат және жағымды эмоциялар тілейміз!Денсаулық сақтау министрлігі

Айта кетейік, Мейірбикелер күніне орай Денсаулық сақтау министрлігінің алаңында «Мейірбике ісін дамыту. Қазіргі. Болашақ» халықаралық форум жұмысын бастайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: