12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні

мейіргер, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2024 13:00 Сурет: pixabay
Бүгін, 12 мамырда Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің сөзінше, медбикелердің денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлі жыл сайын артып жатыр.

"Уақыт талаптарына сәйкес, орта медицина қызметкерлерінің емдеу процесіне қатысуы артып келеді, пациенттің денсаулығы үшін кәсіби жауапкершілік сияқты функционал кеңейіп жатыр. Медбикелер – денсаулық сақтау жүйесіндегі ең көп кәсіби топтың бірі". Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова

Бүгінде Қазақстанның медициналық ұйымдарында 190 мыңнан астам, ауылда 54 мыңнан астам, бастапқы буын деңгейінде 65 мың орта медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр.

"Барлық медбикелерімізді кәсіби мерекесіімен құттықтаймын! Күнделікті еңбектеріңіз бен шыдамдылықтарыңыздың, қайырымдылықтарыңыз бен көп жылдық тәжірибелеріңіздің арқасында пациенттердің денсаулығы қалпына келіп жатыр. Әрқайсыңыздың отбасыңызға амандық, кәсіби тұрғыдан өсу, сарқылмас қуат және жақсы көңіл-күй тілеймін!" Ақмарал Әлназарова
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: