Жаңалықтар тізбегі
0

29 сәуір – халықаралық би күні

Халықаралық би күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 10:44 Сурет: Zakon.kz
Би күні 1982 жылы Халықаралық би кеңесінің (International Dance Council), ЮНЕСКО CID бастамасымен белгіленді. Мереке француз хореографы, хореографиялық өнердің реформаторы әрі теоретикі Жан-Жорж Новеррдің туған күніне орай пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Новерр бишілерді би қадамдарына кедергі келтіретін көлемді костюмдер мен маскалардан құтқарды. Кез келген өнер түрі сияқты би де күн өткен сайын дамып келеді. Қазіргі заманғы билердің тұтас шоғыры қалыптасып үлгерді: Go-Go, Waking, Quickstep, Pole dance, Hakka, Trance.

Билердің сан алуан түрі бар: халық биі, әскери би, спорттық би, көше биі, латын биі, шығыс биі, эстрадалық би, әлеуметтік би.

Ең танымал бағыттар:

  • вальс

  • румба

  • фокстрот

  • джайв

  • квикстеп

    Осындайда Майкл Джексонның әйгілі Ай кезбе (Moon Walk) биі еске түседі. Бұл бидегі қимылдар негізінен аяқпен орындалады. Қарсы бағытта қозғалатын бишінің әсері пантомима иллюзиясы арқылы іске асырылады.

    Модерн – XX ғасырдың басында пайда болған салыстырмалы түрде жас би бағыты. Бұл бағыттың жарқын жұлдызы ретінде Айседора Дунканды атауға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: