2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні
Сурет: pixabay
2 сәуір - Халықаралық Балалар кітабы күні. Бұл күн әйгілі ертегіші Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне сәйкес келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, елімізде 249 балалар кітапханасы бар. Жыл басынан бері облыстарда, аудандарда, қалалар мен ауылдарда орналасқан кітапханаларға 1 733 686 жас оқырман келген.
Бұл ретте ең көне кітапхана өткен ғасырда Алматыда құрылған С.Бегалин атындағы кітапхана болса, төрт жыл бұрын салынған "ALATAU CREATIVE HUB" заманауи кітапханасы ең соңғы үлгідегі балалар кітапханасы болып саналады.
Мерекеге орай бүгін еліміздің барлық кітапханаларында кітап көрмелері, зияткерлік ойындар, кездесулер, әдеби бенефис және экскурсиялар сынды түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
Айта кетейік, сегіз жасар қазақ қызы АҚШ-та екі кітап шығарған болатын. .
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript