Кәрім Мәсімовті қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

ҚР ҰҚК, Қылмыстық кодекс, мемлекетке опасыздық жасау Сурет: gov.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 6 маусымға дейін, Дәулет Ерғожиннің қамау мерзімі 13 маусымға дейін ұзартылды.

ҰҚК тергеу-жедел тобы Мәсімовке, Садықұловқа, Ерғожинге және т.б. тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 75-бабының 1-бөлімінде, 179-бабының 3-бөлімінде, 218-бабының 3-бөлімінің 3-тармағында, 362-бабының 4-бөлімінің 3-тармағында, 366-бабының 4-бөлімінде көзделген қылмыстық белгілер бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, 6 қаңтарда ҚР ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау (ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады – Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз