Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды

Қамауда ұстау мерзімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2022 23:24 Сурет: gov.kz
ҚР ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, "А" арнайы мақсаттағы қызметтің бастығы Әнуар Садықұлов та осы аталған мерзімге дейін қамауда бола береді, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожиннің қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 13 шілдесіне дейін ұзартылды.

ҚР ҰҚК жедел-тергеу тобы К.К. Мәсімовке, А. Т. Садықұловқа, Д. Е. Ерғожинге және басқа да адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 218-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-тармағы, 366-бабының 4-бөлігіне сай көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: