Жаңалықтар тізбегі
0

Кішкентай Қасым-Жомарттың үні жоғарыға жетіп, ауылға интернет жүргізілетін болды

Телефон байланысы жоқ ауыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2022 23:47 Сурет: pixabay
Қостанай облысындағы президентпен  аттас жеткіншектің арманы орындалатын күн алыс емес. Кішкентай  Қасым-Жомарт Тоқаев тұратын шалғай ауылға телефон желісі жүргізіліп,  интернет жеткізілмек. Жергілікті  шенеуніктер елдімекеннің түйткілін шешуге шұғыл кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тамыз айына дейін Үштоғай мен Степняк ауылына  ұялы байланыс мұнарасы орнатылмақ. Облыста отыздан астам елдімекеннің тұрғындары  телефон аясынан тыс жерде өмір сүруде. Соның бірі - Үштоғай ауылында да мобильді байланыс мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Алайда түйткілдің түйіні тарқаған емес. Тек, біздің репортаждан кейін тиісті мекемелер мен  кәсіпорындар қозғала бастады, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Билайн компаниясы осы Үштоғай ауылының орталығына Қазақтелеком компаниясының мұнарасына  билайн байланысын орнатамыз деп келіссөздер  жүргізіп жатыр қазіргі уақытта.Енді  амандық болса тамыздың біріне дейін мобильдік байланыс ауылымызға орнатылады деп жоғарыдан хабар келіп жатыр. Үштоғай ауылдық округінің әкімі Самат Қадыршинов

Ауыл мектебінде елуден астам оқушы білім алады. Өскелең ұрпақ өркениет игілігін көргісі келеді. Кішкентай Қасым-Жомарт Тоқаев та ұялы телефон ұстап, интернет  желісінен игі мәліметтер алсам дейді.   

Құдай қаласа, менің ауылыма интернет байланыс орнатайын деп жатыр.Мен өте қуаныштымын. Енді соның тезірек қосылғанын күтеміз. Оқушы Қасым-Жомарт Тоқаев
Үштоғайдан 10 шақырым жерде Степняк деген ауыл бар. Елдімекенде 150 адам тұрады. Біздің басқарма тарапынан  компанияға осы ауылға да байланыс  өткізу жөнінде ұсыныс берілді. Қостанай облысы Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бөлім басшысы Әлішер Батырбеков

Басқарма өкілінің айтуынша,  Амангелді ауданы бойынша үш ауылда ғана телефон байланысы жоқ. Шалғайдағы  Үштоғай мен Степняктың мәселесі тамыз айында шешімін табатынын айтады. Ал қалған елдімекенге ғаламтор  желісі  келер жылы жетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: