Алматылықтарға демалыс күндері сыртқа шықпау ескертілді

Дауылды ескерту Сурет: pixabay
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда дауылды ескерту жарияланды. Нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп күтіледі.

Қалалық ТЖД 15 мамырда бұршақ жауатынын ескертті. Батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қолайсыз ауа райы кезінде ғимараттар мен орын-жайларда болу сұралады. Сондай-ақ, көліктерін, мейілінше ағаштардың астына қалдырмау ескертілді.

Туристерге тауға саяхаттау жоспарын кейінге қалдыру сұралады, таулы аймақтарда да ауа райы мінез танытып, қолайсыздықтар туындайды деп күтіледі.

"112-ден" түскен хабарландыру мен бұқаралық ақпарат құралдарының, теледидардың, радионың ескерту түріндегі хабарламаларын назардан тыс қалдырмаңыздар! Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз