Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ауа райы күрт суытады

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2022 16:38 Сурет: pixabay
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД деректеріне сәйкес, 27 қарашада Алматының жолдарда көктайғақ болатыны, ауа температурасының -12...-14°C-ге дейін күрт төмендейтіні болжанады.

Осыған байланысты құзырлы департамент жолға шыққан адамдарды барлық сақтық шараларын мұқият орындауға шақырып, бірнеше кеңес ұсынды:

  • көп далада жүрмеңіз және қажеті болмаса көшеге шықпаңыз. Бұл, әсіресе кішкентай балалар мен қарттарға қатысты. Елдімекендерден шалғай орманда, тауда шаңғы теуіп, серуендеу сынды демалыс жоспарларын кейінге шегере тұрыңыз;

  • көлікпен алыс сапарға шығудан бас тарта тұрыңыз;

  • сыртқа шықпас бұрын киіміңізге назар аударыңыз: ауа райын ескере отырып, киініңіз, денеге жабысып тұратын тар киім, биік өкшелі аяқ киім кимеңіз, өйткені бұл қан айналымын азайтуға және тез тонуға ықпал етеді;

  • үсік шалудың, мұздаудың алғашқы белгілері (қалтырау, сезбеу, терінің бозаруы, ұйқының келуі, шаншудың пайда болуы) білінгенде ең жақын жердегі жылы ғимаратқа кіріп, жылынып алыңыз. Тонған жерді алақаныңызбен қызарғанша үйкелеңіз, жеңіл массаж жасаңыз, жүн матамен сүртіңіз, үрлеңіз, содан кейін ақ дәкемен (немесе қолыңыздағы кез келген шүберекпен) таныңыз;

  • үсік шалған (таңғышты қолданғаннан кейін) жағдайда медициналық көмекке жүгінуді ұмытпаңыз.

Бұған дейін қарлы боранға байланысты Үшарал – Достық тас жолы жабылғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: