Алматыда күн күрт суытады – 11 қарашаға дауылды ескерту жарияланды

Алматы, Алматы зимой, виды города Алматы, зима в Алматы, зимой в Алматы, зимний Алматы, заморозки в Алматы, мороз в Алматы, снег в Алматы, похолодание в Алматы, снегопад, снегопад в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 14:17 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2026 жылғы 10 қарашада келесі күнге дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 қарашада қалада жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Кей уақытта жауын-шашын күшейеді.

Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Желдің екпіні кей уақытта секундына 15–20 метрге жетеді. 12 қарашаға қараған түні де тұман түседі деп күтіледі.

Болжам бойынша, 11 қарашаға қараған түні ауа температурасы күрт төмендейді. Күндіз 5–7 градус жылы болады, одан кейін күн одан әрі суытады.

Бұған дейін Zakon.kz Алматыда 13 қарашаға дейін ауа райы қандай болатынын және ауа температурасы қалай өзгеретінін хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: