Алматыда қатты жаңбыр жауады

Алматыда жаңбыр жауады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2022 16:28 Сурет: pixabay
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына үндеу тастады. Министрлік дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәрсенбі, 23 қарашада Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматыда қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) және тұман күтіледі.

«Азаматтарды тауға шығудан бас тартуды және 112 қызметінің SMS хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұраймыз. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, көлік иелеріне көліктерді ағаштардың, электр желілерінің және басқа да асып тұрған құрылыстардың астына қоймауға кеңес беріледі.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын өтіп, шығыста қар жауады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: