ТЖД алматылықтарға қатты жел туралы ескертті

жел, қар, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2022 18:30 Сурет: pixabay
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту жариялады: тауда жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД мәліметінше, 15 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Құтқарушылар қала тұрғындарына автокөліктерді ағаштардың, электр желілерінің және әлсіз күшейтілген құрылыстардың астында қалдырмауды ұсынды.

Сонымен қатар қатты желдің күшеюі кезінде мына әрекеттер ұсынылады:

  • ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үйде болыңыз);

  • егер сіз үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз. Ауладан, балконнан үйіңізге зиян келтіретін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;

  • көшеде болсаңыз, ең жақын кіреберіске немесе дүкенге кіруге тырысыңыз;

  • билбордтардың, ағаштардың астына, аяқталмаған ғимараттарға, сонымен қатар үйлердің қабырғасына тығылмаған дұрыс. Өйткені төбеден шифер және басқа шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;

  • күшті желде электр сымдарының астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау қауіпті.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 20 градусқа дейін суытатынын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: