Алматыдағы қатты жел мен жаңбыр: ТЖД зардаптары туралы айтты

құлаған ағаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2022 19:35 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райының салдары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 наурыз күні сағат 16:00-ден бастап екпінді жел мен қатты жаңбырдың салдарынан түрлі оқиғалар орын алып, олар туралы ТЖД 112 желісіне хабарлама келіп түсті:

  • автокөліктердің үстіне құлаған ағаштар – 21;

  • жеке тұрғын үйлердің, көпқабатты, әкімшілік ғимараттардың шатырын жұлу – сегіз;

  • көпқабатты үйлердің қаптамасын бұзу – екі;

  • автотұрақ қоршауын бұзу – екі;

  • троллейбус желісінің үзілуі – бір.

Ведомствода екі ересек ер адам жеңіл жарақат алғанын түсіндірді. Оларды дәрігерлер тексерді. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді.

Жауын-шашын түнгі үшке дейін жалғасады. Осыған байланысты қала тұрғындарына көліктерін ағаштардың астында қалдырмауға кеңес береміз! Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: