Жаңалықтар тізбегі
0

Қарлы жаңбыр, қатты жел! Нұр-Сұлтан тұрғындарына ескерту

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2020 22:01 zakon.kz
Мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз.

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК деректері бойынша 7 және 9 ақпан аралығында қарлы жаңбыр, көктайғақ, тұман бұрқасын күтілетінін хабарлайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, 8 ақпанда 23 м/с дейін.

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына:

Мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз. Құрылыс объектілеріне халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдау; мүмкіндігінше құрылыс объектілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының қызметін шектеу қажет.

Желдің күшеюі кезінде. Егер Сіз қатты желде көшеде болсаңыз, сенімді үй-жайға жасырынуға кеңес береміз. Үй қабырғаларының жанында қатты желден жасырынуға болмайды, өйткені шатырлар мен басқа да жабындық материалдар құлауы мүмкін. Қандай жағдай болса да, қоғамдық көлік аялдамаларына, жарнама қалқандарына, аяқталмаған ғимараттарға, ағаштардың астына жасырынуға тырыспаңыз. Қатты жел кезінде электржелілерінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті. Дауылды желдер кезінде ең алдымен, тұрғын үйлердегі электржелілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының дұрыстығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құрал-саймандарды дайындау қажет. Пәтердегі электржелісі кернеуінің өзгеруінде барлық тұрмыстық электр құралдарын дереу токтан ажыратып, электр кенеттен қосылғанда өрт болмайтындай розеткадан тоқты суырып алыңыз.

Боран кезіндегі халықтың іс-әрекеттері:

Егер сіз ғимаратта болсаңыз:

- Тек ерекше жағдайларда ғана ғимараттан шығыңыз.

- Шығуға қажеттілік пайда болса, қайда бара жатқаныңыз және қашан қайтып оралатыныңыз туралы отбасы мүшелеріңізге немесе көршілеріңізге хабарлаңыз.

- Жалғыз шықпауға тырысыңыз.

Егер сіз жолда болсаңыз:

- Үлкен жолдар мен тас жолда ғана жүріңіз.

- Машинадан шыққан кезде одан алыстамауға тырысыңыз.

- Машинаның ақаулығы немесе жол көрінбесе: жолдың жиегіне тоқтаңыз;

дабылды үзік гуілдермен беріңіз, капотты көтеріңіз немесе антеннаға ашық түсті матаны іліңіз, автокөлікте көмек күтіңіз.

Құлау ықтималдығын азайту үшін көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:

- биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, шағын кеуекті табаны бар тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз;

- жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз;

- тегіс емес мұз қатқан барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;

- қолдарыңыз мүмкіндігінше бос болуы керек, ауыр сөмкелер ұстамаңыз, қолыңызды қалтаңызға салып жүрмеңіз, бұл құлау ықтималдығын арттырады;

- егде жастағы адамдарға резеңке ұштығы бар таяқ немесе ұштары бар арнайы таяқ қолдануға кеңес беріледі;

- аяқ астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Егер де мұзды "шалшықты" айналып өту мүмкін болмаса, онда оның үстінен жеңіл адыммен жүріңіз;

- жолдан өту кезінде асықпаңыз, жүгіріп өтпеңіз, сақтық шараларын сақтаңыз.

Жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз. Есіңізде болсын: әсіресе арқаға құлау қауіпті, ми сілкінісін алуға болады. Жарақат алған кезде міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну қажет.

Төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне қоңырау шалыңыз!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: