Боксшы Әмір Хан спорттық мансабы аяқталғанын жариялады

Бокс Сурет: twitter/amirkingkhan
Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы, 35 жастағы британдық боксшы Әмір Хан өз карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қолғапты іліп қоятын уақыт келіп жетті. Менің 27 жылдан астам уақытқа созылған осындай таңғажайып карьерам болғанына қуаныштымын", — деп жазды Әмір Хан Twitter-де.

Championat ақпараты бойынша, жалпы алғанда Әмір Хан 40 жекпе-жек өткізіп, 34-інде жеңіске жеткен, оның 21-ін нокаутпен аяқтады. 2022 жылдың ақпан айында өткен соңғы жекпе-жекте ол отандасы Келл Брукпен қолға түйістіріп, техникалық нокаутқа түсіп қалды. 2004 жылы Афиныдағы Олимпиадада боксшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз