Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында «Қымызмұрындық-2022» шарасы өтті

Ұлттық дәстүр, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2022 12:49 Сурет: Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысы Талас ауданында облыстық «Қымызмұрындық-2022» этно-фестивалі өтті. Қарт Қаратау бөктерінде ұйымдастырылған игі шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық дәстүрімізді жаңғыртқан шара барысында келушілерді әжелер қазақы қонақжайлық пейілмен шашу шашып қарсы алып, ыстық бауырсақ пен қымыздан дәм татқызды. Барлық қонақтарға осындай ілтипат көрсетілді.

Арнайы шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2022 12:49

Сурет: Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Этно-фестивальге облысымыздың аудандары мен Тараз қаласынан 100-ге жуық ардагер шақыртылған. Олар «Ауыз тию», «Биебайлар» рәсімдеріне қатысып, түрлі салт-дәстүрлер мен спорттық жарыстарды, қолөнер көрмелерін тамашалады.

Қымызмұрындық, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2022 12:49

Сурет: Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Қариялар ақ батасын беріп, елдің тыныштығын, мал-жанның амандығын тіледі.

Жиналғандардың назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй тарту етілді. Арнау айтылып, би биленіп, дәстүрлі ән-жыр шырқалды.

Ел анасы, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің Бас редакторы, қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы өз сөзінде шараның маңыздылығына тоқталып, қазақтың ұлттық сусыны – қымыздың қадір-қасиеті жайлы тағылымды ойларымен бөлісті.

Қымызмұрындық шарасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2022 12:49

Сурет: Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Жиналғандар құндылықтарды құрметтеп, дәстүрді дәріптеген ел азбайтындығын атап өтіп, қымызды – ұлттық брендке айналдыру, кең көлемде насихаттау, ол үшін елімізде «қымызмұрындықты» тойлауды жалпыхалықтық сипатқа айналдыру секілді ұтымды ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Ұлттық дәстүр, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2022 12:49

Сурет: Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: