Бокстан Әлем біріншілігінде тағы екі отандық спортшы ширек финалға жолдама алды

Бокс Сурет: Instagram/karina__ibragimova
Отандық боксшы қыздар Карина Ибрагимова (57 кг) мен Алуа Балқыбекова (48 кг) Түркияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Карина Ибрагимова 1/8 финалда испаниялық Дженнифер Ромероны айқын басымдықпен жеңді. Есеп - 5:0. Енді алда ол Валерий Ерошенко (Украина) – Микаэла Уолш (Ирландия) кездесуінен кейінгі жеңімпазбен қолғап түйістіреді.

Тағы бір спортшымыз Алуа Балқыбекова сербиялық Снежана Сильковичті ұтып, ширек финалға жолдама алды. Есеп - 5:0. Бұдан кейін ол Үндістан өкілімен бақ сынасады.

Бокс

Сурет: Instagram/balkibekovaas

Бұған дейін Валентина Халзова (70 кг) мен Гүлсая Ержан (81 кг) 1/4 финалға жолдама алған болатын. Сондай-ақ, екі қазақстандық спортшының ширек финалға шығу мүмкіндігі бар: Дина Жоламан (54 кг) мен Жайна Шекербекова (52 кг).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз