Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев БАӘ халқына ел президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Ресми сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2022 15:50 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев  БАӘ Президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты осы елдің жаңадан сайланған Президенті, шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянға және билеуші әулеттің мүшелері мен халыққа көңіл айту үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, көшбасшылардың кездесуі Президенттің Абу Дабидегі Қасру-л Мушриф сарайында өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, шейх Халифаның елді өркендету жолындағы ерен еңбегін атап өтті.

Әмірліктердің ел ішіндегі және халықаралық деңгейдегі көптеген жетістігі шейх Халифаның есімімен байланысты. Оның дана басшылығымен БАӘ Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың күшті жақтаушысы болды, сонымен қатар бүкіл араб әлемі үшін қарқынды экономикалық өсу мен әлеуметтік дамудың үлгісі болды. Сондықтан біз оның қайтыс болуын БАӘ үшін ғана емес, бүкіл әлем қоғамдастығы үшін орасан зор қайғы деп қабылдаймыз. Қасым-Жомарт Тоқаев

Көңіл айту, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2022 15:50

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянды БАӘ Президенті болып сайлануымен құттықтап, оның басшылығымен әмірліктердің одан әрі гүлдене беретініне сенім білдірді.

Ресми сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2022 15:50

Сурет: akorda.kz

БАӘ Президенті өз кезегінде осындай ауыр жағдайда арнайы келіп, жеке қолдау көрсеткені үшін Қазақстан көшбасшысына ризашылығын білдірді, сондай-ақ елорда көшелерінің біріне шейх Халифаның аты берілетініне алғысын айтты.

Ресми сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2022 15:50

Сурет: akorda.kz

Кездесу соңында Мемлекет басшысы БАӘ Президентін Қазақстанға сапармен келуге шақыруын нақтылады.

БАӘ Президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян 13 мамырда дүние салды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: