Жаңалықтар тізбегі
0

Каспийде тағы итбалық қырылып қалды

Итбалық, Каспий, бекіре, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2022 09:39 Сурет: pixabay
Маңғыстау облысында 64 өлі итбалық пен бес бекіре балығы табылды. Экологтар Каспий теңізінің жағалауын зерттеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada басылымында атап өтілгендей, өлекселер Форт-Шевченко теңіз порты маңында табылған.

Экологтар мен жергілікті атқарушы органдардан бірлескен жұмыс тобы құрылды. Аумаққа зерттеу жүргізілді. Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының баспасөз қызметі

Тексеруден кейін өлген итбалықтардың жалпы саны 64 екені анықталды, тағы бес бекіре табылды.

Итбалық пен балық өлекселерінің жағаға шығарылуына бір күн бұрын соққан күшті дауылды оңтүстік-батыс желі себеп болды. Өлекселер шіріп жатыр. Зертханалық зерттеу үшін өлген жануарлардан сынамалар алынып, тоңазытқышқа қойылды. Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының баспасөз қызметі

Сондай-ақ су және ауа сынамалары алынған.

Айта кету керек, бұл бірінші «жағдай» емес. 2022 жылғы 27 сәуірде Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінің жағалауын зерттеу кезінде 94 өлі итбалық табылды.

Ол кезде ҚР Экология министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті жағалауға мониторинг жүргізіліп жатқанын атап өткен-ді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: