Жаңалықтар тізбегі
0

Әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан шымкенттік ұсталды

тұрғын ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2022 09:24 Сурет: Zakon.kz
Түркістандық полицейлер ірі көлемде синтетикалық есірткілерді әлеуметтік желі арқылы сатып жүрген шымкенттік жігітті ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері шалбарының қалтасына және бірнеше жерге көміп, есірткі сақтаған, оған қоса Telegram арқылы сатқан ер адамды ұстады.

Ер адамнан айғақты зат ретінде 50-ден астам полиэтилен пакетке салынған синтетикалық есірткі алынды.

Нақтырақ айтар болсақ, облыстық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күнделікті есірткі қылмысын анықтап, жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Осы бағытта кезекті жедел уәкілдермен тыңғылықты атқарылған шұғыл іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, Шымкент – Самара тас жолының бойында Toyota автокөлігі тоқтатылды.

Көлік ішіндегі жолаушыға тінту жүргізу барысында оның шалбарының сол қалтасынан 36 дана сары түсті изолентаға оралған есірткі затына ұқсас ұнтақ табылып, тәркіленіп алынды. Сондай-ақ, ұсталған жас жігіттің телефонын қарау барысында Telegram әлеуметтік желісі арқылы есірткі сатумен айналысқаны белгілі болды.

Тиянақты тексеру кезінде күдіктінің Түркістан қаласы аумағында синтетикалық есірткі салынған орамаларды өзі белгілеген жерге көміп, сол арқылы сататыны анықталды.

Күдікті ер азамат 15 дана ораманың көмілген орнын көрсетті. Осылайша шымкенттік күдіктіден ішінде синтетикалық есірткіге ұқсас заты бар 53 дана орама алынып, сот-химиялық сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, тәркіленіп алынған есірткі жалпы салмағы 50 грамнан астам мефедрон синтетикалық есірткісі екені анықталды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркеуге алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: