Тоқаев Мәскеудегі таңғы серуеннен суретін жариялады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Instagram парақшасында таңғы серуеннен түскен суретті жариялады.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге 15 мамырда Ресей президенті Владимир Путин мен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен келді.
Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орайластырылған ҰҚШҰ саммиті 16 мамырда Кремльде өтеді.
Бөлісу
0
Толық оқу