Шымкентте жоғалған қызды полицейлер анасымен қауыштырды

Шымкент, жоғалған қыз, полиция қызметкерлері, ҚР ІІМ Сурет: polisia.kz
Кешкілік Шымкент көшелерін бақылап жүрген полицейлер сауда орталықтарының бірінің ғимаратының алдында үлкендердің қарауынсыз кетіп бара жатқан үш-төрт жасар қызды байқап, туыстарын іздестірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы кезде полицейлерге анасынан қыздың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қыздың анасы оның аулада ойнап жүріп, жоғалып кеткенін мәлімдеген. Өзі іздеп, таба алмағандықтан, полицияға жүгінуге мәжбүр болыпты. Бала анасына тапсырылды.

Біздің тәртіп сақшыларына немқұрайлық танытпағаны үшін рахмет! Кішкентай баланы байқап қалған олар дереу жанына барып, ата-анасын іздей бастапты. Қызым екеуміз сауда орталығына жиі барамыз. Сол себепті ол жерге ойнауға барған болса керек. Қатты қорықтым, – деді сәбидің анасы.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз