Жаңалықтар тізбегі
0

Науырзымдық браконьерлердің ісі сотқа жолданды

Браконьерлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2022 21:08 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Облыс прокуратурасымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, соның ішінде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы – Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының сақталуына басты ерекше аударылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты прокуратура мен полицияның аумақтық органдары табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізуге, браконьерлікке және заңсыз ағаш кесуге қарсы іс-қимыл жасауға бағдарланған.

2022 жылдың 2 наурызында Науырзым қорығының аумағындағы ауданның төрт тұрғыны 6 бас жабайы қабанды атып өлтірді.

Полиция, қорық және прокуратура қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында қылмыскерлер Буревестник ауылында ұсталды, олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсталғандардан 8 мылтық және 3 қарда жүргіш тәркіленді, олар қылмыс қаруы деп танылды.

Қылмыстық іс электрондық форматта тергеліп, прокурор айыптау актісін жасады, кінәлілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігінің 1 және 4) тармақшалары бойынша сараланды, атап айтқанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 13,8 миллион теңге мөлшерінде ірі залал келтіре отырып, адамдар тобымен заңсыз аң аулау.

Қылмыстық кодекстің 337-бабының 4-бөлігі санкциясы мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Осыған байланысты мемлекет кірісіне келтірілген залалды толық өтеу үшін прокурордың өтінішхаты бойынша сот ұсталғандардың банктік шоттарындағы 2 автомашинаға және 2 миллион теңгеге тыйым салды. Қостанай облыстық прокуратурасы

Қылмыстық іс сотқа қарау үшін жіберілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: