Қазақстандықтар ұлттық саябақтарға барғаны үшін қанша төлейді

Экономика министрлігі Салық кодексіне республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтарды (ұлттық саябақтар) пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелерін белгілейтін түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
591 -бапқа өзгерту енгiзiлдi.
Атап айтқанда, келесі тарифтер қарастырылған:
жаяу жүргіншіден – 0,1 АЕК (3063 теңге);
мотоциклдер, мопедтер, квадроциклдер – 0,2 АЕК (612,6 теңге);
жеңіл автокөліктер – 0,3 АЕК (918,9 теңге);
шағын автобустар 16 орынға дейін және жүк көліктері – 1 АЕК (3063 теңге);
32 орынға дейінгі автобустар – 2 АЕК (6126 теңге);
32 орыннан жоғары автобустар – 3 АЕК (9189 теңге).
Бұл тарифтер ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін белгіленеді.
Құжат 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері келушілер санатына бөлінбестен 0,1 АЕК мөлшерінде белгіленеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript