Жоғарғы сот Ақтөбе әкімінің бұрынғы орынбасарының ісін қайта қарауды талап етті

Ақтөбе, экс шенеунік, әкімнің орынбасары Сурет: Zakon.kz
2021 жылғы маусым айында Жангелді Әубәкіров жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-шенеунікке 90 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкім шыққаннан кейін бір жылға жуық уақыт өткенде Жоғарғы сот кенет экс-шенеунік Жангелді Әубәкіровтің сотталуы заңсыз деген шешімге келді. Енді 90 миллион теңгені жымқыру ісі қайта қаралады, деп жазды КТК.

Өткен жылдың маусым айында экс-шенеунік жеті жылға бас бостандығынан айырылған-ды. Әубәкіровт ТҮКШ бөлімінің басшысымен сөз байласу арқылы Ақтөбе қаласын жаңа жылдық безендіруге арналған бюджет ақшасын – кемінде 90 миллион теңгені қалтасына басқан деп айыпталған еді.

Іс материалдарына сәйкес, мемлекеттік қызметкер шыршалардың орнына өзіне жол талғамайтын қымбат көлік пен былғары орындық сатып алған. Кейінірек бап жеңілдетілді. Бұл жазаны төрт жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Енді, міне, Жоғарғы сот экс-шенеунікті заңсыз сотты деп шешіп, істі қайта қарауды талап етіп жатыр.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз