Ольга Рыпакованың қызы Бүкіләлемдік гимназиадада топ жарды

Бүкіләлемдік гимназиада, жеңіл атлетика, Нормандия, атлет Сурет: Instagram/altayathletics
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы Анастасия Нормандияда (Франция) өткен World Gymnasium 2022 турнирінде күміс медаль жеңіп алды. Ол ұзындыққа секіру сайысын 6,07 м көрсеткішпен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гимназиада – 2022 жарысында Анастасия Рыпаковадан бөлек қазақстандық таэквондошылар да көзге түсті. Олар үш алтын, екі қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Оқушылар арасындағы сайыста Акрамат Долгиев, Рита Бакишева және Азиза Қараджанова жеңімпаз атанды. Наргиз Мерамбек пен Бекарыс Бекенов қола жүлдегерлер деп танылды.

Бүкіләлемдік гимназиада, таэквандо, жүлдегер, таэквандошы

Сурет: Instagram/kz_taekwondo_federation

Бұл гимназиадаға Қазақстаннан спорттың 18 түрінен 234 оқушы аттанған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз