Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық 40 оқушы халықаралық математикалық олимпиадада топ жарды

ҚР Білім және ғылым министрлігі, халықаралық олимпиада, математика, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 15:25 Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық 40 оқушы Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды. Еліміздің ұлттық құрамасының қоржынында 5 алтын, 13 күміс және 22 қола медаль бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР БҒМ баспаөз қызметінің мәлімдеуінше, Олимпиада жеңімпаздары халықаралық IMO олимпиадасына қатысу үшін Қазақстан құрамасына кіру мүмкіндігіне ие болады.

Зияткерлік сайысқа әлемнің 38 елінен жүздеген мектеп оқушысы қатысты. Олардың қатарында Жапония, Аустралия, Канада, Сингапур, АҚШ, Аргентина, Гонконг, Индонезия, Малайзия, Мексика, Катар, Корея, Түркия және т.б. елдер бар.

Биыл халықаралық олимпиада офлайн форматта өтті. Қазақстан атынан еліміздің түкпір-түкпірінен 131 оқушы қатысты. Биыл біздің оқушылар үздік нәтиже көрсеткенін айта кеткен жөн. Мысалы, былтыр қазақстандық оқушылар 3 алтын алса, биыл олардың саны 5-ке жетті. Азия-Тынық мұхиты елдерінің математикалық олимпиадасындағы жеңісі оқушыларымызға ұлттық құрама қатарына қосылып, IMO-да республика намысын қорғауға мүмкіндік береді. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов

Айта кетейік, Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы жарысқа қатысушылар елінің аумағында офлайн форматта өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: