Astana Qazaqstan өкілдері бірден екі жарыста жеңімпаз атанды

велошабандоз, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2022 10:55 Сурет: Instagram/miguelsuperlopez
Қазақстандық Astana Qazaqstan Team велошабандоздары Андалусия Вуэльта және Вольта Алгарве турында жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл күндері Испания (Vuelta Andalusia) және Португалия (Ture Volta Algarve) жолдарында екі беделді веложарыс қатар өтіп жатыр.

Astana Qazaqstan командасының 23 жастағы итальяндық велошабандозы Самуэле Баттистелла Португалия турының екінші кезеңінде 2-орын алды. Ол финалдық спринтте Вольта Алгарве 2022 көшбасшысының жейдесін киген француз Давид Годюға бір секундта ұтылды.

Сонымен қатар Vuelta Andalusia турнирінде 2-орынды «Astana Qazaqstan» командасының колумбиялық капитаны Мигель Лопес иеленді. Ол екінші кезеңде мәреге жалпы есепте көш бастаған жеңімпаз италиялық Алессандро Ковиден екі секундқа кеш келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: