Зарина Дияс Гонконгтегі турнирдің жеңімпазы атанды 

Overbetting.net, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2020 21:05 Overbetting.net
Қазақстандық теннисші ITF сериясының турнирінде бас жүлдегер болды.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгте өткен ITF турнирінде топ жарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлемнің 77-ші ракеткасы саналатын Зарина Дияс финалда WTA рейтингінде 72-ші орында тұрған қытайлық теннисші Чжу Линьді екі сетте тізе бүктірді – есеп 6:4, 7:5.

Бұл Зарина Диястың карьерасындағы оныншы титулы. Оның еншісінде енді ITF сериясындағы сегіз турнир мен WTA сериясындағы жалғыз турнир – Токиодағы International турнирінің бас жүлдесі бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: