Биыл қанша ресейлік Қазақстаннан ЖСН алды
Сурет: gov.kz
Интернетте кеңестік және ресейлік эстрада әншісі, РФ халық әртісі Лев Лещенконың Қазақстанға ұшып келіп, Алматыдағы халыққа қызмет көрсету орталығынан жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алғаны туралы хабар қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Редакция ҚР Ішкі істер министрлігінен биыл қанша ресейлік Қазақстаннан ЖСН алуға өтініш бергенін нақтылады.
2022 жылғы 24 ақпан мен 17 мамыр аралығында Ресей Федерациясының 34 960 азаматы ЖСН алды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Еске салсақ, 16 мамырда Лев Лещенко Алматыдағы халыққа қызмет көрсету орталығында ЖСН алды. Кейін ол журналистерге Қазақстанға не мақсатпен келгенін айтып берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript