Тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан павлодарлық әйел жауапқа тартылды

адамдарды алдаған Сурет: Zakon.kz
Павлодар қаласының экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу кезінде пайдаланушылардың бірінің парақшасында діни мазмұндағы материалдары бар 39 аудиожазбаны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру іс-шаралары барысында 35 жастағы павлодарлық тыйым салынған контентті ашық қолжетімділікке орналастырған. Аталған факті бойынша дінтану сараптамасы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен әйел ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодарлық жедел уәкілдер осы тектес бұзушылықтың 11-ден астамын анықтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз