Елордадағы ҚТЖ ғимараты мен Павлодардағы мектептерге «мина қойылғаны» хабарланды

Оқыс оқиға Сурет: pixabay
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ға ғимаратқа мина қойылғаны туралы аноним хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы құзырлы органдар құлақтандырылды. ҚТЖ қызметкерлері шұғыл түрде ғимараттан эвакуацияланды. ҚТЖ-ның БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сағат 18: 11-ден бастап Павлодар өңіріндегі жекелеген орта жалпы білім беретін мектептердің электрондық мекенжайларына жарылғыш заттар қойылды-мыс деген сипатта анонимді хабарламалар келіп түсті. Оқу орындарының ғимараттарынан адамдарды эвакуациялау жұмысы жүргізілген жоқ, өйткені аталған білім орындарында сабақ аяқталып кеткен еді. Мектептің іргелес аумақтары қоршауға алынды. Оқиға орнында жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз