Есін жиды – дәрігерлер үстіне теледидар құлаған қыздың жағдайы туралы айтты

БҚО, бала, теледидар, жазатайым оқиға, тумба, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2022 12:44 Сурет: unsplash
Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы ауылдық ауруханада үстіне теледидар мен оның тумбасы құлаған сәбидің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Бәйтерек ауданындағы Переметное ауылындағы ауруханада болған.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған кадрларда 2020 жылы туылған қыз баланың теледидар тұрған тумбаға шыққанын, салдарынан екеуі де қыздың үстіне құлағанын көруге болады.

Ол дереу аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Қыз жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. «Жабық бас сүйек-ми жарақаты, субарахноидальды қан кету» диагнозы қойылды, – делінген хабарламада.

19 мамырда облыстық денсаулық сақтау басқармасы қыз есін жиғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта бала есін жиды, анасымен бірге палатаға ауыстырылды, – деп атап өтті Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: