Алматы облысында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан екі ауылды су басты

ауылдарды су басты Сурет: Алматы облысының ТЖД
Құрбандар, зардап шеккендер мен қираулар жоқ, ауданда жағдай тұрақты. Оқиға орнына Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысында толассыз жауған жауын салдарынан Кербұлақ өңіріндегі екі елді мекенді су басты.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Байғазы өзенінде су деңгейі көтерілген. Өзен арнасынан шығып, аттас елді мекеннің бір көшесін су басты.

Ауыл тұрғындарының бау-бақшасы мен жартылай тұрғын үй құрылысының аулаларын су басқан. Сондай-ақ, жауын-шашын салдарынан Қоғалы ауылында еңіс ағыны қалыптасып, үш көше мен бір үйдің ауласын су басқан. Сағат 18:00-де жауын-шашын тоқтады, су деңгейі төмендеді. Алматы облысының ТЖД

Құрбандар, зардап шеккендер мен қираулар жоқ, ауданда жағдай тұрақты. Оқиға орнына Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аттанды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз