АҚШ-тың ведомствоаралық делегациясы Қазақстанға келеді

АҚШ туы Сурет: pixabay
Америкалықтар төрт елдің билік, азаматтық қоғам және іскер топ өкілдерімен кездеседі. Қазақстан билігі дайындап жатқан реформалардың күн тәртібін талқылау жоспарлануда, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ әкімшілігінің ведомствоаралық делегациясы өңірмен байланысты нығайту мақсатында 23-27 мамырда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға барады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Делегацияны Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Дональд Лу басқарады және оның құрамында Ресей және Орталық Азия бойынша Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің аға директоры Эрик Грин, АҚШ Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық даму агенттігінің (USAID) жоғары лауазымды тұлғалары бар).

Америкалықтар төрт елдің билік, азаматтық қоғам және іскер топ өкілдерімен кездеседі.

Келіссөздердің күн тәртібінде қауіпсіздік саласындағы экономикалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл, ортақ құндылықтарды қолдау, жергілікті мәдениет, әйелдер құқығы, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылау, Ауғанстаннан келген босқындарға көмек көрсету мәселелері бар.

Қазақстанда ел билігі дайындап жатқан реформалардың күн тәртібін талқылау жоспарлануда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз