Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы болып Думан Таев тағайындалды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2022 20:06 Сурет: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі
Ақмола облысы полиция департаментіне полиция генерал майоры Думан Таев басшылық ететін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Думан Әшкенұлы Таев тағайындалды. Жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таныстырды, деп хабарлайды Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Таев Думан Әшкенұлы 1967 жылы 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген.

Білімі мен мамандығы (біліктілігі):

  • Солтүстік Қазақстан университеті ( 1997); мамандығы - "Дене шынықтыру және спорт"

  • ҚР ІІМ Қостанай заң институты (2001); мамандығы - "Құқықтану"

  • Ресей ІІМ басқару академиясы (2006-2008).

    Еңбек өтілі:

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің ІІБ ППҚ жеке ротасының милиционері болып бастады.

1991-2004 жылдар аралығында Петропавловск қ.ІІБ әртүрлі жедел лауазымдарда жұмыс істеді.

2004 жылы Есіл ауданының ішкі істер бөлімін басқарды, сол жылы Петропавловск қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалды.

Әр жылдары СҚО ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, Ғ.Мүсірепов ауданының ІІБ басшысы, Петропавловск қаласының ІІБ бастығы, СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Соңғы лауазымы-ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: